Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6344 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 16:25

ЕРЛАН САҒАДИЕВ АШЫҚ ХАТҚА ҚОЛ ҚОЙҒАНДАРДЫ АЙЫПТАДЫ

Астанада брифинг өткізген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистердің сауалдарына жауап беріп, қолға алынып жатқан реформалардың жай-жапсарын түсіндірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Министр сондай-ақ, «үш тілді оқыту» жүйесіне наразылық танытып, ашық хат жолдағандарды  сөзбен түйреп өтті.

«Мен ол петицияны оқыдым. Қол қойғандардың ішінде жасы үлкен, құрметті азаматтардың барын түсінемін. Менің ойымша, олар біздің жобаны түсінбеген сияқты. Олардың басын қосып, барлығын түсіндіріп бермекпін. Бұл – бір. Екіншіден, олардың ішінде өз балаларын мемлекет қаражатына орысша да, ағылшынша да шет елдерде оқытқандар бар. Олар біреу де емес, екеу де емес. Оларға не керек? Олар өздерін элита санайды, ал, қарапайым қазақтарға білім керек жоқ деп есептейді», - дейді министр.

Петициядан үзінді келтірген министр қазақтар жақсы білім алуға не үшін талпынуы керектігін түсіндіруге тырысқан.

«Олар «Малшылар, құрылысшылар мен күзетшілерге, базарда тұрған халыққа ағылшын тілі керек емес» деп санайды. Менің әкемнің әкесі малшы болған. Ал, ол өз ұлын Алматыға әкеліп, кейін Мәскеуге жіберіп оқытты. Ұлы академик болды. Сіздер барлықтарыңыз оны білесіздер. Қазіргі интеллигенция өкілдерінің барлығы – малшылардың балалары. Солай емес пе? Сондықтан, әрбір ата-ана өз баласының жақсы білім алып, лайықты азамат болғанын қалайды», - дейді Е. Сағадиев ашық хат жолдағандарға қарата.

Естеріңізге салсақ, еліміздің бірқатар интеллигенция өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері министрдің бастамасына наразылық білдіріп, ашық хат жолдаған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375