Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4454 0 пікір 12 Сәуір, 2016 сағат 11:17

БҒМ-НЫҢ НИЕТІ - ДҰРЫС, ҚАДАМЫ - ҚАТЕ

Ағылшын тілінде жаратылыстану пәндерін оқыту мәселесін көтерген білім министрлігі Шығыс Азия жолбарыстарының үлгілерін тікелей көшіріп қолданғалы отыр. Ниет дұрыс болғанымен жасалып отырған қадам қате.

Ол елдердің көбі Ұлы Британияның колониясында болғанын ұмытпауымыз керек. Ағылшындар жабайы Ресей емес қой, отарлаған елдерінің тілі мен дәстүрін жоюға күш салған жоқ. Бірақ, отар елдер ағылшын тілін білді.

Ал, бізді отарлаған Шығыс Еуропадағы ең артта қалған ел – Ресей тілімізге балта шаппақ болды. Қазіргі таңда Федерация құрамындағы көп ұлт өз тілінен баяғыда айырылды, алқаш болды, азып-тозды, құрыды.

Енді не істемек керек? Қазақ мектептеріндегі «Орыс тілі», «Өзін өзі тану» деген екі пәнді жойып, солардың орнына Ағылшын Тілін өте сапалы жоғары деңгейде оқыту керек. Біздің ана тіліміз – ҚАЗАҚ ТІЛІ, екінші тіл – АҒЫЛШЫН ТІЛІ болып қалғаны абзал. Орыс тілін қоғам өмірінен біржолата аластау керек!

Қуандық Шамахай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496