КЕҢЕС ДӘУІРІНЕ ОРАЛДЫҚ...
Анау күні үйде "ремонт" жасап жатқанбыз. Жұмысшылар үйдің сыртқы қоршауын бұзып, орнына жаңасын жасау үшін іргетасын құйып жатты.
Бір кезде бейтаныс әйел кеп ұрса жөнелсін. "Мына трубаларыңды құртыңдар, мына жерден. Аулаларыңа кіргізіп, жинап қойыңдар. Мынау не сұмдық!" деп кәдімгі бұрыннан танитын адамға ұқсап зекіп жатыр. "Сіз кімсіз?" десек, "Мектепте мұғаліммін" дейді. "Ойбу, біздің үйдің тірлігі сізді неге мазалады?" деп түсіне алмай аң-таң болдық. Сөйтсек, директор мұғалімдерді көше тазалығын тексеру үшін әдейі жіберген екен. Мұғалім бізге ұрсып болған соң келесі үйдің қақпасын қағып, "есік алдын сыпырып қойыңдар" деп ұрсып жатты...
P.S. Бұл мектептің "Сәбет заманынан" қалған парталары. Балалар әлі сонда отырып, сабақ оқиды. Мектептің "ремонты" жоқ. Әжетханасы далада. Менің үйімде әжетхана үйдің ішінде, ал мектептің канализация орнатуға шамасы жоқ. Мектеп әлі күнге әлдебір Г.Титовтың атында. Титов деген кім еді өзі? Директордың айтуынша, республикалық ономастика комиссиясы бірнеше жыл бойы ауыл тұрғындары берген ұсынысты қабылдамай жүр екен. Мектептен гөрі кей үйлер зәулім, әдемі. Ал, мұғалімдері көше тазалығымен әуре. Шынымен Кеңес заманына оралдық, достар. "Дәл осы мектеп ағылшын тілінде сабақ береді" дегенді көз алдыма елестете алмаймын. Одан да әуелі "ремонт" жасап берсеңдерші бейшара мектепке!
Жанат Қапалбаева
Facebook-тегі парақшасынан