Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5556 0 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 16:28

БАЛАЛАРЫМЫЗДЫ ҮКІМЕТТЕН АЛҒАН ЖОҚПЫЗ. ҚҰДАЙ БЕРДІ

Біз неге асығамыз. Иә, ағылшын тілі де, қытай тілі де керек. Бірақ ең бірінші керегі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ. Мемлекет тілін толықтай меңгере алмай жатып басқа тілге кірісу дұрыс па? Мемлекеттік тілді орнықтыру үшін жыл сайын қаншама қаражат жұмсалады. Сонда тіл үйрену қаражатпен шешіледі деген сөз. Ал мемлекет тілін үйретуге жетпей жатқан мүмкіншілік мына қиын кезеңде қайдан алынады. Мемлекеттік тілді үйренгісі келмейтін өзге ұлт өкілдерінің, әйтпесе өзіміздің "шалапайлардың" құқын қорғау заңда қатаң қадағаланады. Ал қазақтардың ағылшынша үйренуден уақытша бас тарту құқы жоқ па? Мені және мен күнде кездесіп жүрген адамдарды осы сұрақ мазалап жүр. Жалпы біз балаларымызды үкіметтен алған жоқпыз ғой. Құдай берді. Ендеше оларға эксперимент жасай беруді тоқтатса дұрыс болар еді.

Құдайберлі Мырзабек

FB парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401