Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3766 0 пікір 5 Сәуір, 2016 сағат 13:13

БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ОФШОРДАҒЫ КҮМӘНДІ ҚАРАЖАТТАРЫ ЗЕРТТЕЛЕ БАСТАДЫ

Бұрынғы және қазіргі әлемдік саясаткерлердің құпия құжаттар негізінде офшорлық компаниялары белгілі бола бастағаннан кейін, бірқатар елдер қаржылық алаяқтық мүмкіндігіне байланысты зерттеулер жасай бастады.


Тексеруге атап айтқанда, Нидерланды, Аустрия, Аустралия, Ұлыбритания және АҚШ елдері кірісіп кетті. Оған себеп болған панамалық Mossack Fonseca деп аталатын заңгерлік фирманың 11 миллион құжатының жария болуы. Фирманың заңгерлері өздерінің клиенттеріне салықтан қашып, ақшаларын жасыруға көмектескен.

Жарияланған материалда 12 елдің бұрынғы және қазіргі басшылары мен әлемдік лидерлермен байланысы бар 60 адамның аты-жөні көрсетілген. Олардың ішінде Исландияның қазіргі премьер-министрі Сигмюндюр Гюннлёйгссон бар. Ол инвестицияны офшорлы компания арқылы исландия банкіне жасырып келген. 4 наурызда қазіргі премьердің отставкасын талап еткен петицияға 16 мың исландық қол қойған.

Жарияланған материалдың негізгі бөлігі Ресейге арналған. Атап айтқанда, ел президенті Владимир Путиннің төңірегіндегі адамдар "Россия" банкі және офшорлы компания арқылы 2 миллиард долларды "ұрлаған". Кремль "панамалық құжаттарды" "арандатушылық" деп атап, Ресейде жақындап қалған сайлауда Владимир Путинге қара пияр жасау мақсатында жасалынып отыр деп мәлімдеді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377