Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Қоғам 6279 0 пікір 1 Сәуір, 2016 сағат 10:41

ФАШИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНДА БОЛҒАН ҚАЗАҚТАРҒА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНБЕК

Германия соғыста тұтқын болған қазақстандықтың әрқайсысына 1 миллион теңгеден  өтемақы бермек, деп жазады Bnews.kz сайты.  

Бұл соманы 1941-1945 жылдары фашистердің тұтқынында болған отандастарымыз ала алады.  Әлеуметтік даму министрлігіне бұл жайлы хабар Сыртқы істер министрлігінен келген.+

Алайда, 2,5 мың еуро яғни 1  миллион теңгеге қол жеткізу үшін ардагерлер тұтқында болғанын құжатпен дәлелдеуі тиіс. Қазір облыстық әкімдіктерге соғыс ардагерлеріне сауалнама толтырып, өтініш жазуға көмектесу тапсырылған. Себебі, арыз бірден Германияға жіберілмек. Арыз 2017 жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін қабылданады. Жалпы тұтқынға түсіп, азап шеккен ардагерлер санын да сол жергілікті әкімдіктер анықтауы керек.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1096
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 732