Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Қоғам 17405 1 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 13:35

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МҮШЕҚАПТАР САТЫЛЫМҒА ШЫҒАДЫ

Енді жетіспей тұрғаны осы еді. Алдағы уақытта қазақстандық дәріханаларда балаларға арналған мүшеқаптар (презервативтер) сатылымға шығуы мүмкін.

«Время» басылымына сілтемe жасаған «Nur.kz» сайты осылай деп жазады.

Қазақстандық психологтардың айтуынша, 12 жастан бастап балалардың жыныстық тәжірбиелері пайда болады. Сондықтан оқушылардың басым көбісі мектеп қабырғасында жүріп-ақ, жыныстық қатынастарға түсіп үлгереді-мыс.

Психолог Ирина Терентьеваның пікірінше, үйдегі ата-ана өз балаларымен секс және контрацепция тақырыбында ашық пікірлесе алмайтындықтан, бұл қазіргі күнгі өзекті мәселеге айналып отыр.


«Қазір 70 пайыз қазақстандық мектеп оқушылары жыныстық қатынасқа түсіп үлгерген. Балаларға арналған мүше қаптардың ересектердікінен айырмашылығы олардың өлшемінде болмақ»,- дейді Терентьева ханым.

Оның пікірінше, мектеп қабырғасынан бастап әйелдер дәрігерлері (гиекологтар) қыз балаларға жүкті болып қалудың алдын-ала шараларын үйретуі тиіс. Сірә, Терентьева ханымның айтып отырғаны мынау мүше қаптар болса керек.

«Көбінесе, қазіргі жасөспірімдер арасында пәктіктен айырылу емес петтинг қызық. Пәктіктің сақталуы сіздің балаңыздың жыныстық қатынасқа түспегенінің кепілі бола алмайды»,-дейді психолог.

Өзінің айтуынша, Терентьева ханымның жеке тәжірбиесінде ең жас әке атанған жігіттің жасы – 15 те болған. Өзінің өшлемінен үлкен мүше қаппен жыныстық қатынасқа түскендіктен, қыз жүкі болып қалған.

"Бәріміз түсік тастаудың үлкен күнә екенін білеміз, бұл - баланы өлтіру. Ондайға жол бермеу үшін ата-аналар, тіпті 2 - 2,5 жасынан бастап мұндай тақырыптарды ол түсінетін тілде біртіндеп қозай бастауы қажет", - дейді ол.

Ирина жыныстық қатынас туралы қыз балалармен де ашық сөйлесу керектігін ескертті. Оның сөзіне сенсек, қазіргі жеткіншектер интернет арқылы да жыныстық қатынас туралы көп нәрсені біліп алады, сол себепті жыныстық қатынасқа түсудің өзіндік мәдениетін ата-анасы түсіндіргені абзал.


Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмай жүкті болып, жасанды түсік жасататын немесе ана атанатын қыздар жыл сайын көбейіп келеді. Мамандар көп жастардың жүктіліктен сақтану жолдарын білмейтінін айтты. 

Мамандар жасөсірімдер арасындағы мұндай жағымсыз үрдіске «оларға берілетін ақпараттың аздығы кінәлі» дейді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде 16 миллионға жуық қыз бала кәмелеттік жасқа толмай жүкті болады. Бір жылда 15-19 жастағы үш миллион бойжеткен қауіпті түсік жасатады.

Мысалы, биылғы жылдың өзінде Қазақстанның қалаларынан бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұмдық жағдайларға куә болдық. Жол жиегіне көлік терезесінен лақтырып кеткен шақалақ немесе дәретхана тесігінен табылған нәресте т.с.с. оқиғалар соңғы кездері қаптап кеткені жасырын емес. Ұядан тәрбие бере алмасақ, үкілеген қыздарымыз үйде отырып жүкті болып жатса айып сізден. Ендеше балаларға бүлдіршін кезінен бастап жыныстық ақпараттарды үйрете беру керек деп отырған  психологтардың сөзімен келіскеніміз жөн бе?!

Қазақстанда балаларға арналған мүшеқаптар керек пе?

Гүлзат Тоғжан

Abai.kz 

 

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963