Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Ел іші... 7372 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 12:18

«НҰР ОТАН» «НҰРОТАНШЫЛАРҒА» АРНАЛҒАН КІТАП ШЫҒАРДЫ

Билік партиясының өз мүшелеріне арнап жазған оқулығын «әлемде жоқ құжат» деп мақтаушылар да, «Назарбаев туралы көп жазған кітап» деп сынаушылар да бар,-деп жазады «Азаттық» радиосы.

Бүгін Астанадағы Назарбаев кітапханасында (ресми атауы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы) «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның саяси тарихы толқынында» атты оқу құралы таныстырылды.

Оқулықты биліктегі «Нұр Отан» партиясына қарасты саяси менеджмент мектебінің авторлар ұжымы дайындаған.

«ӘЛЕМДЕ ЖОҚ ҚҰЖАТ»

«Оқулық қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты» деп хабарлаған еді, бірақ таныстырылым кезінде көпшіліктің алдына тек орысша нұсқасы ғана қойылды.

Кітапты дайындаушылар «Нұр Отан» мүшелерінің саяси білімі мен біліктілігін арттыруды мақсат еткен» оқулықта осыдан 10 күн бұрын өткен парламенті мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауының қорытындысы да жазылғанын да сөз етті.

Саяси менеджмент мектебінің директоры Жанар Буканованың Азаттыққа айтуынша, оқулық тиражы әзірге белгісіз: «таныстырылым үшін шығарылған аз данаға ұсыныстар мен өзгертулер енгізіліп, қайта басылып, партияның жергілікті бөлімдеріне жіберілмек».

Оқулыққа рецензия жазған сарапшы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Юрий Булуктаев ол жинақты «пайдалы кітап» деп сипаттайды.

– Қарапайым тілде жазылған және инфографикамен безендірілген бұл кітап партия мүшелері мен партия мектебіне ғана емес, саяси партия құрылымының қалыптасуына қызығатын көпшілікке де пайдалы. Жоғарғы оқу орындарында міндетті оқулық болмаса да, қосымша оқу құралы ретінде қажетке жарайды, – дейді ол.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының жетекшісі Анатолий Башмаков бұл жинаққа пікір жазғанын «Құдайдың сыйы» деп сипаттайды.

– Оқулықтың бір бөлімінде «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы жан-жақты жазылыпты. Доктрина – «Нұр Отанның» адамгершілік камертоны. Бұл – барлық саяси партиялардың ішіндегі жалғыз құжат. Әлемдік тәжірибеде мұндай жоқ, – дейді Анатолий Башмаков.

«ПАРТИЯ ЕМЕС, ТҰЛҒА ТУРАЛЫ»

Қазақстан президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директоры Наталья Калашникованың сөзінше, «Нұр Отанның» өз мүшелеріне арнап шығарған оқулығында кемшін тұстар да бар.

– Оқулықтың кейбір мәтіндері көпшілік үшін жеңілдетіліп жазылса дұрыс болар еді. Партияның «100 нақты қадам» бағдарламасына ат салысып жатқанын бөлек тарауда көрсетсе, мемлекет басшысы көтерген саяси бағдарламаларды кеңінен атап өтсе, бұл оқулық теңдессіз болар еді,­ – дейді ол.

Наталья Калашникова оқулықта «Нұр Отанның» сайлаулардағы сайлауалды бағдарламаларының даму эволюциясы сарапталмағанын да айтады.

Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) мүшесі Уәлихан Қайсаров «Нұр Отан» бұл оқулықта өз жеңісіне күреспен жеткендей жазыпты» деп наразы болады.

– Әкімшілік, қаржылық күштің арқасында, сайлаудағы заң бұзушылықтармен жеңгенін білеміз ғой. Сосын оқулықта партиядан гөрі президент Назарбаевтың рөлі туралы көп жазылған. Партия емес, тұлға туралы жазған. Мақтаудың бір түрі, – дейді ол.

Уәлихан Қайсаров «Нұр Отанның» өз мүшелеріне арнап шығарған оқулығы елдегі өзге партиялар жайлы басқаша түсінік қалыптастыратынын айтады.

– «Нұр Отаннан» басқа партияның елге жаны ашымайтындай көрсетіпті. Оқыған адам Қазақстанда «Нұр Отаннан» басқа бейбітшілікті қолдайтын партия жоқ екен деп ойлауы мүмкін, – дейді ол.

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы 1999 жылы құрылған. Әуелі республикалық «Отан» саяси партиясы деп аталған. 2006 жылдың аяғында оның атауы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы деп өзгертілген. 2013 жылы партия атауынан «халықтық-демократиялық» деген қосымша алынып қалған.

«Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметке қарағанда, биыл 20 наурызда мерзімінен бұрын өткен парламент мәжілісі сайлауында дауыс бергендердің 82,20 пайызының қолдауына ие болып, мәжілістегі 107 орынның 84-ін алған.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963