НЕМЦОВТЫҢ ҚЫЗЫ АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Ресейлік саясаткер Бориса Немцовтың қызы – журналист Жанна Немцова АҚШ мемлекеттік хатшысының жыл сайын әйелдерге батылдығы үшін тапсырылатын International Women of Courage сыйлығын алды.
Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Теффтің мәлімдемесінде Немцова әкесінің өлімінің мұқият және ашық тергелуін талап етуде табандылық көрсеткені және Ресейде насихаттың қауіпті әрі жауапсыз түрде қолданылатынын әшкерелеуден қорықпағаны осы сыйлыққа лайық танылғаны туралы айтылады.
Борис Немцов 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеудің орталығында кісі қолынан қаза тапты. Тергеу орындары қылмысты ұйымдастырушы әрі тапсырыс беруші есебінде Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы жауынгері Руслана Мухудиновты таниды. Мухудиновтың тапсырыс беруші екеніне Немцовтың туыстары мен жақтастары сенбейді. Олар оның өліміне Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қатысы барлығына нық сенімді.
Жанна Немцова бірнеше рет әкесінің өлімі "билік элитасының мақұлдауынсыз болмағанын" айтты, ресми тергеу барысын сынады және Ресейдің ақпарат құралдарын оппозициялық саясаткерге күйе жағуға бағытталған науқан ұйымдастырды деп айыптады. 2015 жылдың маусымында ол өзіне жасалған бірнеше қорқыту-үркітулерден соң, Ресейден көшіп кетті.
Абай-ақпарат