Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4412 0 пікір 30 Наурыз, 2016 сағат 10:51

АҚШ АЗАМАТТАРЫНА ТҮРКИЯДАН КЕТУГЕ КЕҢЕС БЕРУДЕ

АҚШ мемлекеттік департаменті мен қорғаныс министрлігі америкалық дипломаттар әскери қызметшілерге террорлық шабуыл қаупінің өсуіе байланысты Түркияның оңтүстік өңірлерінен кету туралы нұсқау берді.

Бұл нұсқау Адана қаласындағы америкалық консулдық қызметкерлеріне, Инджирлик маңындағы әскери база қызметшілеріне, сонымен бірге Измир және Мугла провинцияларында тұратын америкалық азаматтардың отбасыларына қатысты.

Пентагон өкілі Питер Кук нақты қауіп болмаса да, адамдарды тәуекелге апаруды орынсыз деп шешкендерін мәлімдеді.

АҚШ билігі сонымен бірге азаматтарына тағы мәрте террорлық шабуылдар қаупіне байланысты Түркияға баруды кейінге қалдыруға кеңес берді.

Бұдан бір күн бұрын Израиль азаматтары да өз үкіметінен осындай ескерту алды. Израиль үкіметі ел азаматтарына тезірек Түркия аумағынан кетуді және бұл елге сапардан бас тартуға кеңес берген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320