Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4107 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 09:01

Қарағандыда «жамағаттардың» ісі бойынша үкім шықты

Бүгін Қарағандының Казыбек би аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 405 бабы бойынша («Экстремистік немесе террорлық қызметі үшін сот шешімімен жабылған қоғамдық немесе діни ұйымның қызметін ұйымдастыру» Қарағанды облысының үш тұрғынына айыптау үкімін шығарды.

Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» ұйымының ұяшығына жетекшілік етті делінген Айдын Шәкентаев екі жарым жылға сотталды. Сот орындығында отырған Мұрат Шөпенов пен Бауыржан Серіковтер екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімге сәйкес, жаза мерзімін өтеу толар ұсталған 2015 жылдың қазан айынан басталады.

Өткен айда Астанада «Таблиғи Жамағатқа» қатысы бар деген айыппен бес адамға үкім шықты. Олар да екіден екі жарым жылға дейін сотталды.

«Таблиғи Жамағат» ұйымын 2013 жылы Астана қаласының соты экстремистік деп таныған. Қазақстан билігінің пікірінше, ұйым халифат құруды көздейді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320