Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 6215 0 пікір 27 Сәуір, 2016 сағат 14:35

НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВ: МАҒАН ОРЫС ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ҚИЫН

Әнші әрі актер Нұрлан Әлімжан журналиске орыс тілінде сұхбат беруден бас тартып, қиналатындығын айтқан.

Бұл туралы Stan.kz  сайты хабарлайды.

Елбасының рөлін сомдап, халықтың жүрегін жаулаған актер орыстілді журналистің өтінішінен бас тартқан. Журналист сұхбатты алдымен қазақ тілінде алып, артынша айтқан сөздерін орыс тілінде айтып беруді өтінген.

Алайда Нұрлан Әлімжан орыс тілінде сұхбаттасуға қиналатынын айтып, журналистің өтінішін орындай алмаған.

Орыстілді журналист Жәнібек Садықовтың айтуынша, диалог келесідегідей жүзеге асқан:

– Қазақша айтқаныңызды орысша айтып беріңізші! – дедім.

– Өтінемін, аудара салыңыз! Маған әрдайым орысша сөйлеу – үлкен стресс! – Нұрлан Әлімжановтың жауабы.

Әншінің бұл әрекетін көрермендері түрліше бағалады. Бірі – ұлтшылдық десе, енді бірі “Өтінбе, Нұрлан!” деп қолдау білдірген.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1103
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733