Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3559 0 пікір 28 Маусым, 2010 сағат 10:35

ЕҚЫҰ ДИАҚБ Қырғызстандағы жаңа Конституция бойынша өткізілген референдум қорытындысын қабыл алды

Бішкек. 28 маусым. ҚазТАГ- Игорь Шестаков. ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясы Қырғызстандағы жаңа Конституция бойынша өткізілген референдум қорытындысын қабылдады, деп ҚырТАГ тілшісі хабарлады.

«Миссия референдумға ЕҚЫҰ алдындағы міндеті және басқа да халықаралық нормалар, сондай-ақ Қырзғызстан заңнамасы тұрғысынан баға берді», - деп ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының бастығы Борис Фрлец дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Оның айтуынша, күрделі жағдайға қарамай 27-ші маусымда бейбіт референдум өткізуге жағдай жасаған билік мақтауға лайықты.

«Референдум Ош пен Жалал-Абадтағы қырғи-қабақ жағдайда өтті. Референдумға дайындық барысында дайындалған көптеген қызметкерлердің орын ауыстырып кеткеніне қарамай билік жаңадан сайлау комиссия мүшелерін қалыптастырып үлгерді. Бірақ үрейленген қашқындар дауыс беруге өте нашар қатысты. Сондықтан елдің оңтүстігіндегі дауыс беру көрсеткіші басқа өңірлерден төмен болды», - деді миссия басшысы.

Оның айтуынша, «реферндумды өткізудің құқықтық негізі қарама-қайшылықты, шатастырарлық базада болып, ол сайлауға қатысу талабын шатастыруға негіз болды. Ол талаптарды уақытша үкімет алып тастағанымен, шенеуніктер референдумға қатысу керектігі туралы қарама-қайшы мәлімдемелер таратып жатты».

«Билік халықаралық ұйымдардың қолдауымен конституция жобасының кең таралып, талқылануына жағдай жасауға тырысты, бірақ шенеуніктер конституция жобасын түсіндіру насихатымен «қолдап» дауыс беру керектігі туралы үгіт-насихатты араластырып жүргізді», - дейді Б. Фрлец.

Бұл ретте «дауысты санау мен қорытынды шығару үдерісі онша оң бағаланбады, себебі кейде комиссия мүшелері бекітілген нормаларды не білмейді, не сақтағысы келмеді».  

Сонымен қатар ол ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері қауіпсіздік мақсатында Ош пен Жалал-Абад облысындағы дауыс беру үдерісін бақыламағанын атап өтті.

«Миссияның екі өкілі көрші Баткен облысында болды. Біздің ұзақ мерзімлдік бақылаушыларымыз республикада 8-ші шілдеге дейін қалады», - деді ол.

Миссия басшысы сондай-ақ, өтпелі кезең президенті ретінде Роза Отунбаеваны сайлағанын «халық референдумда көрсетуі тиіс», сондай-ақ «халықаралық қауымдастықтың өзі осы сайлаудың қаншалықты заңды болғанын шешуі тиіс», деді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314