Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5514 0 пікір 24 Ақпан, 2016 сағат 17:48

АІ: ҚАЗАҚСТАНДА АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ НАШАРЛАП КЕТТІ

Amnesty International халықаралық ұйымы өткен жылы Қазақстанда адам құқықтарының жағдайы күрт нашарлап кетті деп мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар айында "араздықты қоздыру" бабы енген жаңа Қылмыстық кодекстің қабылданғанын атап өтті.

Ұйымның баяндамасында азаматтық белсенділер Серікжан Мамбеталин мен Ермек Нарымбаевтардың қазан айында әлемуеттік желіге даулы кітаптың үзіндісін жариялағандары үшін, "араздықты қоздырды" деп айыпталғанын, кейін "өкініш білдіргеннен соң" босатылғаны айтылған.

​AI Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы төмендегенін үкіметтік емес ұйымдар туралы заңдарға өзгерістер енгізгенімен де байланыстырады. Онда Астана Ресейдің үлгісімен шетел қаржыландыратын үкіметтік емес ұйымдарға сенімсіздік танытып, қаржыландыру үшін ортақ оператор құрған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1371
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2953
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1018
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 959