Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 4069 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 15:24

ТАБЫТ ІШІНДЕ ТУҒАН ҚЫЗ

Құдіреті шексіз Жаратушының жазған өмірінде не қилы тылсым жайттар болып жататыны рас. Төменде біз баяндағалы отырған оқиға да жүрегі еттен жаралған жан иесін елең еткізбей қоймасы анық.

Торонто қаласында табыт ішінде жатқан жансыз әйелден сәби туыды. 

Оқиға төмендегідей болған. Жүктіліктің 7-айында торонтолық әйел ауруханаға бара жатып, жолда көлік тізгініне ие бола алмай, ауыр жол апатына ұшырайды. Жол апатынан түрлі дене жарақаттарын алған әйел оқиға орнында қаза тапқан. Ал тексеру жасаған дәрігерлер әйелдің ішіндегі сәбиі де шетінеп кеткенін айтқан.

Ал ертесі күні марқұмды жерлеуге келген жамағат тылсым оқиғаның куәгері болған. Табыт ішінен іңгәлаған сәбидің дауысын естіген жұрт жаңа туған сәбиді көрген.

Дәрігерлердің де таңданысын туғызғаны – марқұмның дүние салғанына  23 сағаттан асып кеткен, оның денесі 17 сағат бойы моргтың мұздатқышында жатқан. Ал осынша уақыт анасының құрсағында болған сәбидің ауасыз қалай тірі қалғаны беймәлім. Әлсіз болып туған сәби 4 ай бойы дәрігерлердің бақылауында болған. Қазір қыздың денсаулығы қалыпты.

Дереккөзі: storiesofworld.com

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052