Сенбі, 23 Қараша 2024
Елім-ай 8003 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 12:35

ШЕНДІЛЕР НЕГЕ ҚАЗАҚТЫ ЖЕК КӨРЕДІ?

Біздің ұлықтар ұлы мен қызын шетелде оқытып, өзге тілде тәрбилеуге құмар-ақ. Олар жат жұрттың мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын білгендерді ғана  озыңқы, өркениетті санайтын секілді. Алаш ардақтылары мен асыл азаматтарды ұлықтайтын және ұлттық ерекшелігімізді насихаттайтын сериал, фильмдер мен театрланған көріністерді жоғары деңгейде шығаруға қазақтың кәсіби режиссерлері мен актерлерінің қарым-қабілеті, ой ұшқырлығы және біліктілігі толық жетеді. Тек оларға мемлекет тарапынан дұрыс қолдау жоқ және аяқтарына тұсау, сөздеріне шектеу бар  екенін естен шығармайық. Оның да бір «гәпі» болатын. Ұлттық рухымызды оятар туындылар жиі берілсе, елдің ұлттық санасы мен намысы оянып кетеді деп сескенгендер, өнер мен мәдениет саласын бұғауда ұстап отырғаны шындық. 

Осылай жалғаса беретін болса, жаһандану дәуірінде қазағым барынан айырылып саяси құрылымы мен экономикасы өте мықты көрші елдің (Ресей мен Қытайдың) өңешінде жұтылып, "Мəңгі Ел" емес, «енді тірілмес, мәңгі өлімге» кететінін ұмытпауымыз  тиіс.

Мұның алдын алу үшін, біріншіден, ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ  ұзақ мерзімге жасақталған мемлекеттік ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ ауадай қажет. 

Екіншіден, ұлттық жоғары басқару институттары құрылып, мемлекеттік қызметке осы мектептен өткен ұлтжанды азаматтар бару керек.

Үшіншіден, өзге тілде тәлім-тәрбие алып, жат жұрттың мәдениетін, салт-дәстүрін өз ұлтының салтынан, ана тілінен артық санайтындарды мүлдем жоғары эшелондағы басшылық орындарға жіберуге болмайды. Өйткені, ондай адамдар қиын-қыстау уақытта қолындағы лауазымын пайдаланып, кез-келген уақытта ОТАНЫН сатып, қоғамға зор қиянат әкелуі  мүмкін. Оған, ел тұтқасын ұстағандардың әбден байып, кейін туған елінен қашып кеткені белгілі. Оған тарихта болған оқиғалар дәлел. Мысалы: Клеопатра  патша жеңіл жүріске салынамын деп елін құлдыққа салып жіберсе, Шағатай ханға Отырар қаласының қақпасын ашып берген Қарахан хан қытайша тәрбиленген екен.

Қазақ хандығы құрылғаннан бері жаугершілік заманда да, тар жол тайғақ кешуде де ата-бабамыз қанша тауқымет көрсе де, ел мүддесін жоғары қоя отырып, кең-байтақ жерді бізге қалдырып, (Сібір халқы секілді ешкімге сіңіспеді) ана тіліміз бен ұлттық рухани құндылықтарымызды жеткізе білді емес пе?! Оның үстіне біз батырлар жырын тыңдап, оқып және  ерлік пен патриоттықты дәріптейтін туындылар көріп өскен қазақ емес пе едік! Ендеше рухымызды түсірмей, өткінші әлем дағдарысы  қанша қылтамақтан алса да «нарық заңы мен демократия осы екен» деп  шетелдің жасыл, арзан дүниелерін насихаттауға жол бермеуіміз керек. Материалдық дүниенің соңынан қуа бермей, бір мезгіл келешек ұрпағымыздың жайын болжап, ақыл таразысына сала отырып, ойланатын уақыт жетті ағайындар!..                                         

Қатауов Талғат, Орал қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404