Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4132 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 15:33

Президент Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі мен Министрлер Кеңесі жиналыстарының артынан мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған үкіметтің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен ел көлемінде 3 ай бойынша төтенше жағдай режимі  жарияланғанын білдірді.

Ердоған Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі және Министрлер Кеңесі жиналыстарының артынан қабылданған шешімдерді жариялады.

Өзі мен үкіметтің тұрақты және ұлттың төңкеріске қарсы шығуының арқасында Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының табысқа ұласпағанын атап көрсеткен Ердоған «Мен, ұлтымды мақтан тұтамын. Бір төңкеріс бастамасы ұлттың тікелей және тұрақты ұстанымымен жүзеге аспады. Оқиғаларда 246 жазықсыз адам қаза тауып, 1 мың 536 жазықсыз азаматымыз жарақат алды. Қауіпсіздік қызметкерлеріміздің батылдығын да мақтан тұтамын» деді.

Президент үкімет жариялаған аталмыш төтенше жағдай шешімінің негізгі нысанасының демократияға көлеңке түсіру емес, керісінше оны күшейту және террор қаупіне қарсы қажетті шараларды қамтамасыз ету екенін атап көрсетті.

Ердоған Түркияға төнген қауіппен салыстырыла алмайтын шарттарда төтенше жағдай жариялаған кейбір елдерге үнін шығармағандардың қабылданған бұл шешімді ешқандай сынға алуға хақы жоқ екенін білдірді.

Ел көлемінде экономикалық тұрақтылықтың жалғасатынын атап айтқан президент Түркияның несие көрінісі мен бағасын шегерген Халықаралық несие бағалау мекемесі "S&P"ға наразылық көрсетті.

«Сен өз жұмысыңа қара! Сенің бізбен не байланысың бар? Осылар мұндай кезеңді күтеді. Кім білсін, бәлкім олар нарықтарға вирус та жұқтыратын шығар. Алайда Түркияда қолдаулар және реформалар үздіксіз жалғасады» деді.

Азаматтарға демократиядан кері қадам баспайтындарын білдірген Ердоған Түрік Қарулы Күштерінің де үкіметпен бірге қозғалғанын атап айтты.

Президент «Ешкім уайымдамасын, Түркия бұл апаттан аман қалды» деді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395