Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4836 0 пікір 21 Шілде, 2016 сағат 12:44

ЗИЯЛЫЛАР МАТАЕВҚА АРАША ТҮСТІ

Зиялылар Мемлекет басшысыны хат жазып, одан Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы  Сейітқазы Матаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істің объективті түрде қаралып, әділ шешім шығуына ықпал етуді сұрады, - деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Біздің тергеу органдары, прокуратура мен сот қызметіне баға беру ойымыз жоқ, біздің мақсатымыз – Сізге құқыққорғау органдарының қолымен 25 жыл бұрын басқа да тұлғалармен бірге Қазақстан Тәуелсіздігінің бастауында болған Сіздің бірінші баспасөз хатшыңыздың атына кір келтіріліп жатқанын жеткізу», - делінген хатта.

Хатқа қол қойғандар С. Матаев «Ұлттық баспасөз клубын» Елбасының жеке тапсырмасымен құрғанын, Қазақстан Журналистер Одағының жұмысын жандандырғанын, оның филиалдары барлық өңірде жұмыс істеп тұрғанын, Астанада республикалық Журналистер үйін салғанын, ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігін ұйымдастырғанын, оның Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай мен Иранда да желілері барын алға тартқан.

«Кез-келген адамның өмірінде табыс та, қателіктер де болады. Өмір сондай, адамның табиғаты сондай. Біздің міндетіміз – осы жағдайда Сейітқазы Матаев пен оның отбасын қолдау. Ол өзіне тағылып отырған айыптармен келіспейді, өзінің абыройын сотта қорғауға дайын. Біз істің объективті түрде қаралып, сотта әділ шешім шығуына ықпал етуді сұрап хат жазып отырмыз. Біз оның өзінің кінәсіздігін дәлелдеп шығатынына күмәнданбаймыз. Сондықтан, Сізден сіздің қызметтегі әділдігіңіз бен бітімгерлік қасиеттеріңізді ескере отырып, аталған істің барысын жеке бақылауға алуыңызды өтініп сұраймыз», дейді хатқа қол қойғандар.

Бұл хатқа Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Тоқтар Әубәкіров, Мұрат Әуезов, Асанәлі Әшімов, Мұхтар Шаханов, Дулат Исабеков, Игорь Вовнянко, Ораз Жандосов, Роза Рымбаева, Тамара Калеева, Ермек Тұрсыновтар қол қойған. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435