Түркіменстан президенті үшін тұтас ауыл салып қойды
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов Лебап облысына жаңадан тұрғызылған ауылды ашу үшін барды.
Оның құрметіне театрландырылған қойылым көрсетіліп, жаңа көшелерде тауарға толы базар ұйымдастырылды.
Президентті: "Біздің данамыз! Біз Сіздің қамқорлығындамыз! Біздің ауылға қош келіпсіз!" деген ұрандармен қарсы алды.
Бірақ мемлекет басшысы ауылдан кете салысымен, бәрі тып-типыл болды. Адамдармен бірге жалаулар да, кілемдер де жоқ болды. Базар бос қалды. Тіпті ауылдың атауын да өшіріп тастады.
Абай-ақпарат