Алматының "Көк базарында" өткен арнайы операция аяқталды
Алматыдағы арнайы операция өтіп жатқанын хабарлаған едік. Алматыда жедел-іздестіру шараларында криминалдық сипаттағы мәлімет тексеріліпті. Алайда ол расталмаған. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.
Алматыда «Рахат» кондитерлік фабрикасы аумағын полиция мен Қарулы күштер қызметкерлері қоршап алды. Мақатаев көшесіндегі автокөлік қозғалысы тоқтатылды.
– Барлық қала тұрғындарын сабырлық сақтауға шақырамыз. Полицияның барлық талаптарын орындауды сұраймыз. Сонымен қатар, қандай да бір ақпарат таратарда тек ресми мәліметке сүйену қажет. Жалған мәлімет таратпауларыңызды өтінеміз. Жалған мәлімет таратушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», — дейді бұл ретте қалалық ІІД өкілдері.
Abai.kz