Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3538 0 пікір 20 Шілде, 2016 сағат 08:39

Сот шешімімен maalymat.kg сайты бұғатталды

Қырғызстанда Аламудун аудандық сотының шешімімен maalymat.kg сайтының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы «Азаттыққа» журналист Дайырбек Орунбектің өзі хабарлады.

Оның айтуынша, сот орындаушылары «АзияИнфо» Интернет провайдеріне сот шешімін тапсырған. «Менің мүлкімді тәркілеу турлы шешім шыққан. Ал олар сайтымды бұғаттап тастады, бірақ сайт мүлікке жатпайды. Сот шешімінде: «президент туралы мақаланы жоққа шығарсын» делінген. Сайтты жабу туралы ештеме айтылмаған», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейін, президентке моральдық шығын ретінде 3 миллион сом төлеу туралы шешімді Аламудун аудандық соты 2015 жылы маусымда қабылдады. Бұған қоса журналист мақаланы жоққа шығару керек болған еді.

Сотқа арыз-шағымда хабарланғандай, журналист бұл мақаласында президент Алмазбек Атамбаев пен Уақытша үкіметтің басқа да мүшелерінің әрекеті 2010 жылғы маусым оқиғасына себеп болды деп сынаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2574
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 716
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 679