Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5277 0 пікір 20 Шілде, 2016 сағат 08:38

"САҚАЛДЫ" МЕН "СОТКА"

Алматылықтарды аяғынан тік тұрғызған "мергеннің" ескі ұялы телефондар сатумен айналысқаны хабарланған соң əлеуметтік желілерде "сақалдылар" мен "сотка" сатудың арасында қандай байланыс бар?" деген сауалдар қойылып жатыр. Өте орынды сауал! Өйткені біздің елімізде ескі "сотка" саудасы негізінен "сақалдылардың" қолында. Өткен жылдары Ақтөбеде "сақалды" біреуіне ара түсіп, базардағы бүкіл "сотка " саудагерлерінің көтерілгені есте. Алысқа бармай-ақ Алматының "аэровокзалын" аралап көріңізші! Мұнда негізінен қолданылған ұялы телефондар сатылады. Оны сатып, сатып алып тұрған "сақалдылардан" көз сүрінеді. Неге олар негізінен осы кəсіпке үйір? Бұл сауалды ішкі істер органдарында ұзақ жылдар істеген танысыма қойдым. Аты - жөнін белгілі себептерге байланысты атай алмаймын. 
-Бізге ұялы телефондарын ұрлатқан,жоғалтқандар жиі арыз жазады,-дейді ол,-Жеке коды арқылы көбіне тауып беріп жатамыз. Бірде сондай бір телефонды таптық. Бір жас бала ол "сотканы" "Көк базардан" сатып алған екен. Сатқан "сақалды". Үйге келіп шұқылап көрсе ұялы телефонның ішінде арнайы файлға жинақталған түрлі уағыздар бар болып шыққан. "Сақалдылардың" бұл саудаға қызығуының бір себебі осы. Байқамағансып ескі телефонға уағыз толы файлды қалдыра салады. "Сотканың" жаңа иесі файлды ашса болды. Əрі қарай сананың уағызға улануы басталады...Ал, "сақалдының" бұл қылмысын мойнына қою тіпті қиын. Өйткені ол да бұл телефонды біреуден сатып алды ғой. 
...Танысымның бұл əңгімесіне тиісті органдар назар аударады деп ойлаймын. Меніңше бұл "сақалды" мен " соткаға" байланысты құпияның бір ғана мысалы. Бұларды басқа да мəселелер байланыстыруы əбден мүмкін.

Арман Сқабылұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475