Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4354 0 пікір 20 Шілде, 2016 сағат 08:35

Тәжікстанда қос ғашық қол ұстасып өмірмен қоштасты

15 шілдеде Пенжикентке жақын маңдағы Зарафшон өзенінде Айнин ауданының екі тұрғынының денесі табылды. 24 жастағы Шахбоз Холмуродов пен 21 жастағы Санавбар Гафурованы туған-туыстары мен Зосун қышлағының тұрғындары бір апта бойы іздестірді.

Зосун қышлағындағы ауылдық кеңестің басшысы Акбархуджы Солеховтың айтуынша, ғашықтар өмірмен өз еріктерімен қоштасқан. 8 шілдеде жастар қышлақтан алты шақырым жердегі өзенге ағып өлген. Тұрғындар бұл оқиғаға әртүрлі болжам жасады. «Жастардың ата-аналары олардың некелесуіне қарсы болмаған, кейін жағдай өзгерсе керек. Олардың қосылуына не кедергі болғаны бізге белгісіз», - деді Солехов.

Шахбоз Холмуродов Тәжікстан Ұлттық университетін бітіріп, Анзобтегі Металлургия комбинатының химиялық зертханасына жұмысқа тұрған. Санавбар Гафурова биыл Айнин ауданының медициналық колледжін аяқтаған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2768
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1883