Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5050 0 пікір 19 Шілде, 2016 сағат 09:33

Түркия. Соңғы жаңалықтар

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырим үш миллион мемлекеттік қызметкердің жыл сайынғы жазғы демалысының күшін жойды.

Дүйсенбі күні үкімет отырысынан кейін журналистер алдында сөз сөйлеген Йылдырим мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бүлікшілер 208 адамды өлтірді деп мәлімдеді. Олардың ішінде полиция қызметкерлері, сарбаздар және бейбіт тұрғындар бар. Мың жарым адам жараланған. Соңғы ресми мәліметтер бойынша, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар саны 290 адамға жеткен.

Йылдырим жеті жарым мың полиция, әскери, сот қызметкері және азаматтық тұлғалар ұсталды дейді. 10 мыңдай мемлекеттік қызметкер мен шенеунік, қаржы министрлігі, ІІМ өкілдері және 30 губернатор мен 47 аудан әкімшілігінің жетекшісі қызметтерінен шеттетілген. Олардың барлығы мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы бар деп күдікке алынды,- деп жазады түрік басылымы "Хюрриет".

Премьер-министр сонымен бірге Түркияның АҚШ-пен достық қарым-қатынасы сұрақтың алдында тұр деп мәлімдеді. Анкара Вашингтоннан ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюленді қайтаруын талап етеді. Ол Режеп Эрдоғанмен араларында сызат түскен соң, Америкаға көшіп кеткен. Билік Гюлен мен оның жақтастары бүлікті ұйымдастырды деп есептейді. Ал діни уағызшы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Түркиядағы АҚШ елшісі Джон Басс Түркияның Америкаға таққан айыптары шындыққа сәйкес келмейді деді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496