Путин WADA баяндамасын "геополитикалық қысыммен" байланыстырады
Президент Владимир Путин Дүниежүзілік антидопингке қарсы агенттіктен (WADA) Ресейдің құқық қорғау органдарына еліндегі спорт саласындағы допингтік махинация жөнінде "барынша толық, шынайы" ақпарат беруін сұрады. Бұл жөнінде Кремль сайтында жарияланды.
Путин WADA баяндамасында аты аталған шенеуніктер тергеу ісі аяқталғанша, қызметтерінен шеттетілетінін айтты. Антидопингтік агенттіктің баяндамасын президент жоққа шығармады. Бірақ "спортты геополитикалық қысымның құралына айналдырып отыр" деп атады.
WADA жариялаған баяндамасында Ресейлік допингке қарсы лаборатория рұқсат етілмеген препараттарды пайдаланған спортшылардың допинг сынамаларын қасақана жасырып келгендігі айтылған. Мәскеулік, сондай-ақ сочилік лабораторияларда спортшылардың анализдерін жасырудың артында Ресейдің спорт министрлігі тұр, делінген құжатта. Сынамаларды алмастыру ісіне, әсіресе Сочидегі Олимпиада ойындары кезінде, Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) де қатысқан.
2015 жылы қарашада WADA Мәскеудегі допингке қарсы лабораториядағы былықтар туралы мәлімдеме жасады. Ұйым мәлімдемесінде ресейлік спортшылардың рұқсат етілмеген препараттарды пайдалануы "мемлекет қолдайтын дәстүрге айналған" делінеді.
2016 жылы маусымда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы ресейлік спортшылардың дисквалификациясын ұзартып, олардың Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуын шектеді. Бұл шешімді Халықаралық олимпиада комитеті қолдады.
Соның нәтижесінде Ойындарға ресейлік ұзындыққа секіруші Дарья Клишина ғана жіберілетін болды. Клишина үш жылдан бері АҚШ-та жаттығып жүр. 60-тан астам ресейлік жеңіл атлетші Лозаннадағы Халықаралық спорттық алқа сотына жүгінді. Олардың арыз-шағымдары 19 шілдеде қарала бастайды.
Абай-ақпарат