Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4865 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 16:36

Алматы оқиғасына қатысы бар екінші қылмыскер ұсталды

Алматыда орын алған қарулы қақтығыс кезінде ізін жасырып үлгерген екінші қылмыскер қолға түсті – деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі 365info.kzпорталына сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын Ішкі істер министрлігі Алматыдағы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген болатын. Онда айтылған дерекке сүйенсек, Алматыда қару ұстап, полиция бөлімшесіне шабуыл жасағандар бір топ адам емес, бар болғаны екі-ақ қылмыскер екен.

Қазір қолға түскен қылмыскер полициямен атыс кезінде ізін жасырып үлгерген. Оның қаланың қай аумағынан ұсталғаны әзір белгісіз. Алайда әлеуметтік желіде ұсталған сәттегі фотосы жария болды.

Сондай-ақ, қылмыскерді тінту барысында қалтасынан қалтасынан діни жазулар жазылған парақ табылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739