БЕРДІБЕК САПАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ
Құрметті Б.Машбекұлы! Жалпы мемлекеттік қызмет аясы «ашық, мөлдір болсын» десек те кейде билік басында отырғандар мемлекеттің заңына қатысты заңнан тыс жазылмаған заңдарды ойлап тауып жатады. Осыған орай біздің де Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер тарпынан қолданыстағы Еңбек Кодексіне өзгерістер енгізу орын алып отыр. Ондайлардың мұндай «шеберлігіне» біз сұға алмайсың. Кез келген мемлекеттік қызметкер, жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің 23 - бабы 2 -тармағының 1- тармақшасына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
Себебі, жұмыс берушінің заңсыз актісін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес келтіру (сәйкестендіру) нормасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы еңбек Кодексінің нормасында КӨЗДЕЛМЕГЕН. Ресми түсіндіру Қазақстан Республикасы Конституциясының 49, 62 – баптарының 1 – тармақтарына сәйкес заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары ѳкілді органы Парламентпен берілген. Бұл ресми түсіндіру Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 53 – бабында кѳзделген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 - бабының 4 - тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру ресми түрде 23.11.2015 редакциясында Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 25.11.2015 ж., № 226 (28704) "Казахстанская правда" от 25.11.2015 г., № 226 (28102) Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.
Құрметті Б.Машбекұлы! Ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесінің тѳмендеуіне ықпал ететін Заңдылық пен құқықтық тәртіп пен жауапкершілікке тарту деңгейінің тѳмендеуі, соның ішінде сыбайластықтың тамырлануынан бұрыс ақпараттар берудің ѳсуі, заңсыздық пен озбырлықтың белең алуы салдарынан ОБЛЫСТА СІЗДІҢ ТУ СЫРТЫҢЫЗДАН кейбір лауазымды адамдардың әрекеттерімен «жұмыс берушінің заңсыз актісін заңға сәйкес келтіру (сәйкестендіру)» арқылы құрылымдық элемент мәтіні Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің нормасына енгізілу орын алып отыр. Өкінішке орай мұндай өрескел заң бұзушылықты мемлекеттік қызметкерлер жасап отыр.
Құрметті Б.Машбекұлы! Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың өз құзіретіне кіретін мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзу әрекеттері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады. ҚР Еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлы тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Осы жайларды жария ете отырып, Сізден Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы ҚР Заңының 12 – бабын 15 – бабының 2 – тармағының 3, 5 – тармақшаларын, ҚР Еңбек кодексінің 14 – бабын қамтамасыз етуіңіз арқылы Ақтѳбе облысындағы заңды бұрмалаған лауазымды адамдардың іс - әрекеттерін назарға алуыңызды және заң бұзушылыққа жол бермеуіңізді сұраймын. Қажет десеңіз дәлелдеме құжаттарды көрсетуге біз даярмыз.
Құрметпен ҚР Журналистер Одағының мүшесі Н.Қошаманұлы
Abai.kz