Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3713 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 09:47

Түркия президенті өлім жазасын қайтаруы мүмкін

Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған өлім жазасын қайтаруы мүмкін. Ол жексенбі күні бұл мәселені оппозиция өкілдерімен талқылайтынын мәлімдеді. (Өлім жазасы Түркияда Еуроодаққа кіруге ұмтылған кезде, 2004 жылы алынып тасталды).

Стамбулдағы үйінің жанына халық жиналып, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандарды өлім жазасына кесуін талап еткенде, көпшіліктің талабын елемеуге болмайды, деді Түркия президенті.

Эрдоған егер бүлікшілер тағы да жаңа шабуылдар жасамақ болса, азаматтарды биліктің заңды екенін қолдап, тағы да орталық алаңға шығуын сұрады. Ол бүлікті ұйымдастыруға Эрдоғанмен кикілжіңге келгеннен кейін, АҚШ-қа көшіп кеткен ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюленнің қатысы бар екенін тағы қайталады. Гюленнің өзі бұл бүлікке еш қатысы жоқ екенін айтып, Анкараның талап етіп отырған экстрадициялау жөніндегі америкалық соттың шешіміне бағынатынын да мәлімдеді.

Жексенбі күні Стамбулдың Сабих Гюльчен әуежайы мен Конья провинциясының ВВС базасында қауіпсіздік күштері мен бүлікшілер арасында әскери қақтығыс орын алды.

Операция кезінде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған 6 мың әскер мен судьялар қамауға алынды. Ұсталғандардың ішінде – бүлікті ұйымдастыруы мүмкін деген ВВС қолбасшысы Акин Озтюрк, Инджирликтегі НАТО базасын басқарушы генерал Бекир Эркан Ван бар. Бұл базаны АҚШ және оның одақтастары Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына қарсы күресу үшін пайдаланады. Ұсталғандардың ішінде Эрдоғанның әскери кеңесшісі Әли Язиджи де бар.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, 16 шілдеге қараған түні болған сәтсіз төңкеріс әрекетінде 290 адам қаза тапқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524