Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2559 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 09:43

Ереванда оппозиция белсенділері ұсталды

Армения билігі 17 шілдеде Еревандағы полиция ғимаратын басып алып, адамдарды кепілдікке алған "Құрылтай парламенті" қозғалысының белсенділерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Армения полициясының басшы орынбасары Унан Погосянның сөздерінше, оларды саяси тұтқындар деп санайтын "Құрылтай парламенті" қозғалысының үйлестірушісі Жирайр Сефилянды және бірнеше әріптестерін босатуды талап ету райларынан қайтаруға әрекеттеніп жатыр.

Погосян полицияның басып алғандардың көзін жоюға күштері де, техникалық мүмкіндіктері де жететінін айтады. Бірақ әзірге кикілжіңді келіссөздер арқылы бейбіт түрде шешуге тырысып жатырмыз дейді. Жексенбі күні Ереванда ондаған оппозиция жақтастарының ұсталғаны хабарланды.

Бостандық алаңында "Басыңды көтер, Армения" қозғалысының акция ұйымдастырмақ болған үш белсендісі – Андриас Гукасян, Давид Санасарян мен Давид Ованнисян ұсталды.

Ереванда шабуылдың нәтижесінде 17 шілде күні таңертең потрульді-пост қызметінің басшы орынбасары Артур Ваноян қаза тауып, үш полиция қызметкері ауыр жараланған. Кепілде 6 полицей, олардың ішінде Армения полициясының төраға орынбасарлары Вартан Егиазарян мен Валерий Осипяндар бар.

"Құрылтай парламенті" болған оқиғаны "үкіметті орнынан кетіру" және "саяси тұтқындарды босату" мақсаттарының басы деп атады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529