Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2607 0 пікір 13 Шілде, 2016 сағат 11:50

АҚШ: Ресей Башар Асад режиміне қысым көрсетуі тиіс

Ресей Сирияда бейбітшілік орнатуға ниетті екенін істерімен көрсетуі тиіс,- деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби.

Ол осылайша Ресей сыртқы істер министрі Сергея Лавровтың БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура сирияаралық келісім жүргізу үшін тараптарды шақырмай отыр деген мәлімдемесіне жауап қайтарды.

Джон Кирбидің сөздерінше, егер Ресей Дамаскіге өзінің ықпалын пайдаланып, Башар Асадқа бейбіт тұрғындарға және оппозициялық күштерге оқ атуын тоқтатуды талап етсе, Мистураның міндеті әлдеқайда қарапайым болар еді.

"Сіздер оппозициялық күштерді келіссөздерге қатысуға шақырасыздар, бірақ сол уақытта Башар Асад билігі бейбіт тұрғындарды, ауруханаларды бомбалауды жалғастырып келеді. Мұндай кезде оппозицияның бітімге келуі екіталай", – деп мәлімдеді Джон Кирби.

Оның сөзінше, бейсенбіде Мәскеуге баратын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри жоғары лауазымды тұлғаларды бейбіт келіссөз жағдайын құруға шақырады. Вашингтон Джон Керридің Мәскеуге сапары бір жағынан Ресейдің террористік ұйымдармен бірлесіп күресу туралы мәлімдемесінің шынайылығын әрі Сирияда соғысты аяқтап, плюралистік мемлекет құруға қаншалықты ниетті екендіктерін саралауға мүмкіндік береді деп отыр.

1 тамызда Женевада ресми Дамаск мен ұстамды оппозиция арасында келіссөздер қайта жаңару керек. Алайда оппозиция өкілдері үкімет бітім шартын орындамайынша, келіссөз үстеліне отырудан бас тартады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524