Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2978 0 пікір 11 Шілде, 2016 сағат 14:58

Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына барды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі аймақтарды аралауды жалғастыруда. Дүйсенбі күні Министрлер кабинетінің жетекшісінің ұшағы Солтүстік Қазақстан облысына келіп қонды.

Кәрім Мәсімов солтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, машинажасау техникасы өндірісімен танысады, сондай-ақ астықты аймақта АӨК дамыту бойынша кеңес өткізеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Петропавлдағы жаңа Спорт сарайында Премьер-Министр спортшылармен кездеседі.

Кәрім Мәсімов атап өткендей, жұмыс сапары кезінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, өңірдегі өзекті мәселелердің қарастырылуы мен шешілуіне баса назар аударылатын болады, жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек. Атап айтқанда, Премьер-Министр СҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуын, аймақтар арасындағы жұмыс күшінің жұмылуының жай-күйін бағалайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730