ЖҰМЫС
Бір ағамыз звандай береді, звандай береді... Бұрынғы бастығының мерейтойы екен. Соны мақтап мақала жазыпты. Бір телефон шалғанда Шымкентте жүргенмін.
"Аға, қазір Шымкентте едім... Таразға ертең қайтамын. Ертең хабарласыңызшы..." дедім.
Құдайдың құдіреті, ертеңінде аяқ астынан іс-сапарға шығып, кешке Қордайда қонақ боп жаттым.
"Аға, Қордайда едім..." деп едім, "Айналайын, журналист деген осы... Бірде анда, бірде мында шапқылап жүресіңдер... Ертең хабарласайын" деп елпілдеп қалды.
Бірақ ертеңінде хабарласпады. Оның арғы күні тағы да аяқ астынан Астанаға шығып кеттім.
Пойызбен Шудың тұсынан өтіп бара жатқанда әлгі кісі хабарласты. "Шудамын" дедім.
Ертеңінде тағы хабарласты. "Астанада жүрмін" дедім. Ағамыз аң-таң боп қалды.
Бір күннен кейін кешке таман тағы телефон шалды. Бұл жолы тұтқаны көтермедім. Көтерсем: "Құйрығың қоныс таппайтын бәле екенсің" деп айтатынын тошны білдім. Өйткені Шәуілдірде ауызашарда отырған болатынмын...
Шынында кей кездері жұмыс осылай қарбалас боп кетеді ғой... Әлгі кісі енді "Кабинетіңе қашан келесің?" деп, жұмыс жақты торуылдап жүр.
Оралхан Дәуіт
Facebook-тегі парақшасынан