Turkish Airlines пен “Эйр Астана” әуекомпаниясының ұшақтары сейсенбі күні кешке Ыстамбұлдан Алматыға жарылыс болардан біраз уақыт бұрын ғана ұшып кеткен.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Бұған дейін Ыстамбұлдың халықаралық Ататүрік әуежайында екі дүркін жарылыс болғанын хабарлаған едік.
Ыстамбұлда Ататүрік әуежайының кіре берісінде, шығатын аймағы мен тұрағында үш жарылыс болған. Түркияның Әділет министрінің мәлімдеуінше, жарылыс салдарынан 31 адам қаза тауып, 147 адам жараланған.
«Эйр Астана» ұшағы Түркиядан кешкі сағат 21.55-те ұшып, Алматыға 05.45-те қонған. Turkish Airlines ұшағының Астана мен Алматы әуежайынан сәрсенбі күнге жоспарланған ұшу бағыттары өзгертілді.
Қазақстанның СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ыстамбұлдағы елші қызметкерлерінің жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатқанын мәлімдеген еді.
Abai.kz