Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 6135 0 пікір 29 Маусым, 2016 сағат 11:39

ЫСТАМБҰЛДА ТАҒЫ ДА ТЕРАКТ. СОДЫРЛАР СОЙҚАН САЛДЫ

Шұғыл! 28-маусым күні Ыстамбұлдың «Ататүрік» Халықаралық әуежайында ИШИМ содырлары теракті жасады,-деп хабарлайды түркиялық «Akifhaber.com» порталы.

Түркия Республикасының Әділет министрі Бекір Боздақтың хабарлауынша, лаңкестік оқиға салдарынан әуежай маңында болған 31 адам қаза тауып, 147-і жарақат алған.

Associated Press агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, жарылыс салдарынан қазір қаза тапқандардың саны 52 адамға жеткен. Деседе Түркияның құзырлы органдары бұл мәліметті растаған жоқ.  Түркия СІМ деректерінде қаза тапқандардың басым көпшілігі Түркия азаматтары болғандығы айтылған. Сондай-ақ, Халықаралық әуежай ішінде болған шетелдік азаматтар да бар.

Ыстамбұл қаласының басшысы Васып Шахиннің мәлімдеуінше, теракті 28-маусым күні сағат 22:00-де болған. Лаңкестер әуежайдың үш нүктесінде жарылыс жасаған. Әуелі Әуежайдың кіре беріс  тұсында, сосын шығу пункті маңында және әуежайдың автотұрағында бомбалар жарылған. Васып Шахиннің айтуынша жарылысты жасаған күдіктілер анықталуда. Қазірге белгілі болжамдар бойынша бомба қойғандар 4 адам болуы мүмкін. Қала басшысының мәлімдемесінде терактіні ИШИМ содырлары жасауы мүмкіндігі де айтылған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Твиттер» желісі арқылы көңіл айтқан.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша «Ататүрік» әуежайындағы жарылыстар кезінде қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303