Лондонда Қырғызстанның экс-президентінің ұлына қарсы сот басталды
Ақпаратқа сәйкес, Шон Дейли кіші-Бакиевті өзін өлтіруге тапсырыс берді деп айыптайды. Мұның алдында хабарланғандай, ол сотқа 2015 жылдың сәуір айында арызданған.
Шон Дейли кіші-Бакиев өзіне қастандық ұйымдастырды деген сенімде. Ол бұл жөнінде кәсіпкер Берти Синбетимен әңгімесінде айтқан екен. Басылым Синбети Дейлидің арызы бойынша куәгер екенін еске салады, бірақ ол сотқа келмеген.
Тергеу ісінің мәліметі бойынша, "Оксус" компаниясы 2005 жылы Таластағы "Жерүй" алтын кенішін игеруге лицензия алған. Бірақ 2006 жылы Максим Бакиев пайда табу үшін кенішті басқа компанияға сатуға мәжбүрлейді. Сол жылы Бішкекте "Оксус" компаниясының өкілі Шон Дейлиге қастандық жасалады. Дәрігерлердің көмегімен Дейли аман қалып, Қырғызстанды тастап кетеді.
2014 жылы Бішкектің Бірінші май аудандық соты Максим Бакиев пен Жаныш Бакиевті Дейлиге қастандық ұйымдастырды деген айыппен сырттай өмір бойы түрме жазасына кескен.
Абай-ақпарат