Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3226 0 пікір 22 Маусым, 2016 сағат 15:12

Сейітқазы Матаевты қамау мерзімі ұзартылды

Алматының Медеу аудандық соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы, ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевтың үйқамақта отыру мерзімін 22 шілдеге дейін ұзартты. Бұл туралы Азаттыққа қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов хабарлады.

Биыл 22 ақпанда "мемлекет қаржысын жымқырған" және "салықтан жалтарған" деген күдікпен ұсталған Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынған. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, "келген зиян" туралы айыптау толықанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады.

ҚазТАГ агенттігінің ақпараты бойынша, арасында ВВС, "Неміс толқыны", "РБК", "Россия-24", France Press және өзгелері бар шетелдік бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша өтетін сотқа қатысуға ниет білдірген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394