Солтүстік Кореяның сынаған жаңа зымыраны сәтсіздікке ұшырады
Таңертең ерте ұшырылған "Масудан" зымыран Жапон теңізіне құлаған соң оңтүстік кореялық және америкалық спутниктер екінші зымыран ұшырылғанын түсіріп алған. Екінші зымыран шамамен 400 километр ұшып барып құлаған. Солтүстік Корея сәуірдің ортасынан бері жаңа "Мусудан" баллистикалық зымыранын алты рет сынап, оның төртеуі сәтсіз болған. Батыс елдерінің бағалауынша, зымыранның ұшу қашықтығы төрт мың километрге дейін жетуі мүмкін.
Сарапшылар Пхеньянның зымыран сынағын асыға жасауын Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның АҚШ территориясына ядролық және химиялық қарудан соққы бере алуға қабілетті екенін көрсету ниетімен байланыстырады.
Жаңа зымыранның ұшу радиусы АҚШ-тың ірі әскери базасы орналасқан америкалық Гуам базасына жетеді. Пхеньян бұған дейін зымыранға арналған ядролық оқтұмсық жасағанын айтып, АҚШ-қа ядролық соққы беретіні туралы бірнеше доқ көрсеткен. Қаңтарда Солтүстік Корея төртінші рет ядролық зарядын сәтті сынақтан өткізген.
Абай-ақпарат