Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3206 0 пікір 21 Маусым, 2016 сағат 09:02

Қазақстан Қытайдың іскер топтары үшін визаны жеңілдету мәселесін қарастырып жатыр

«Қазақстан Қытайдың іскер топтары үшін визаны жеңілдету мәселесін қарастырып отыр. Бұл туралы кеше есеп беру кездесуінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті», — деп жазады ҚазАқпарат.

«Визаға қатысты Қытайдың мәселесіне тоқталатын болсақ, қазір консультация беріп жатырмыз. Яғни, топтық туристік сапарларға виза беру рәсімін жеңілдеткізім келеді. Егер де топтық сапар туралы келісімге қол қойылса, іскер топтардың өкілдері үшін визаны жеңілдету мәселесін қарастырып жатырмыз»,-деді еліміздің сыртқы істер министрі.

Е.Ыдырысов атап өткендей, Қытайдың ірі өнеркәсіптік бағдарламалары аясында іскер топтардың сапарын көбейтетін арнайы келісімге қол қойылған. Сондай-ақ, министр хабарлағандай, Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі «елшілік қызметкерлерінің туыстары үшін визаны жеңіл тәртіппен берейік» деген ұсыныс айтқан.

«Бұл ретте біз визаны жеңіл тәртіппен беретін нақты формаларды ұсындық. Елшілік қызметкерлерінің туыстары келіп-кетуде қиындық көрген жоқ. Керісінше, менің ойымша, Қазақстанға қытай дипломаттарының жақындарының келіп, кетуі оңай», — деді Е.Ыдырысов.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420