Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5200 0 пікір 20 Маусым, 2016 сағат 12:59

БАЯН БОЛЬНИЦАДАН ШЫҚТЫ

Белгілі тележүргізуші, актриса және продюсер Баян Есентаева бүгін ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды «Азаттық» сайты.

Жергілікті агенттіктердің аурухана дәрігерлеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ауруханада 10 күн жатқан Есентаеваның халі орташа және продюсер "амбулаторлық емдеуге" жіберілген.

Есентаева 10 маусымда ауруханаға бас-сүйегі мен миы зақымданып, миы шайқалған, денесіне пышақ жарақаттары түскен деген диагнозбен түскен. Полиция Есентаева ауруханаға күйеуімен жанжалдан соң түскен дейді.

13 маусымда Талғар аудандық соты Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевты өз әйеліне "өлтіруге оқталды" деген күдікпен екі айға қамаған.

42 жастағы Баян Есентаева актриса, әнші әрі тележүргізушілігімен бірге қазақстандық жекелеген әншілер мен музыкалық топтардың продюсері ретінде де жұртқа танылған.

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458