Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3196 0 пікір 17 Маусым, 2016 сағат 08:07

Англияда парламенттің лейборист депутаты қастандықтан қаза тапты

Ұлыбританияда парламенттегі Лейбористер партиясының депутаты Джо Кокс Англияның солтүстігінде Лиддс қаласында жасалған шабуылдан қайтыс болды.

23 маусымда өтетін референдум қарсаңында елде жүріп жатқан Еуроодаққа мүше болуды жақтаушылар және қарсылардың үгіт-насихаттары уақытша тоқтатылды.

Ал депутаттың өлімінде қандай да бір саяси астар әзірге жоқ делінеді. 52 жастағы күдікті ұсталған, аты-жөні әзірге аталмайды.

16 маусымда күндіз Джо Коксты көшеде кетіп бара жатқан жерінен атып кеткен, ол құлап түскен сәтте, денесіне бірнеше жерден пышақ салған.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон оқиғаны трагедия деп бағалап, Гибралтарға сапарын тоқтатты. Онда ол Ұлыбританияның Еуроодаққа мүшелігін қорғап сөз сөйлеуі керек еді.

Абай-ақпарат

0 пікір