Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2473 0 пікір 16 Маусым, 2016 сағат 09:26

Ресей спортшыларының жазғы Олимпиадаға қатысуы екіталай

15 маусымда жарияланған баяндамада ақпан айынан мамыр айы аралығында жүргізілген 740 тест түрлі себептерге байланысты кейінге қалдырылып, өзгертілген. Оған спортшылардың мекенжайы дұрыс көрсетілмеген немесе үлгі дұрыс алынбаған деген әртүрлі себептер айтып келген.

Құжат спортшылардың тестен қашып немесе допинг-бақылаудың қызметкерлерін қалайша алдағандықтары жөнінде де бірнеше мысал келтірген.

Баяндамада допинг-бақылау қызметінің қызметкерлерін қауіпсіздік органдары тарапынан Ресейден шығарып жібереміз деп қорқытқандары, допингке сынама үлгісі бар пакет РФ кеден қызметі тарапынан ұсталғаны жайында жазылған.

Баяндама халықаралық басқару органдарының Ресей спортшыларын тамыз айында өтетін Рио де Жанейродағы Олимпиадаға жіберу, жібермеу жөнінде шешім қабылдайтын күннен екі күн бұрын жарияланды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5535