Айдын КҮЛСЕЙІТОВ: «ПРЕЗИДЕНТТІК ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2016 ЖЫЛЫ 14 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫН АШАДЫ»
Бүгін Астанада өткен «Sarap Time» пікірталас клубының кезекті отырысында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Күлсейітов (суретте) осылай деді.
- Неліктен халықтың біраз бөлігінде мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаға сыни көзқарас қалыптасты? Біріншіден, бес жылдың ішінде индустриялық жағынан мықты елді қалыптастыру мүмкін емес. Адамдар 2014 жылы қабылданған бағдарлама 2015 жылы нәтиже береді деп күтсе, олардың күткені ақталмайтыны түсінікті. Бұл негізсіз және популистік сарындағы сын. Қытайға қазіргі деңгейге жету үшін 50 жыл керек болды. Қытай әлемдік экономиканың лидері ретіндегі орнын нығайту үшін алдағы 30 жылды қамтитын тағы бір бағдарлама қабылдады. Яғни, бес жылдың ішінде көп адамдар армандап жүрген жетістікке жету мүмкін емес,- дейді Айдын Күлсейітов.
«Sarap Time» сараптама пікірталас клубының кезекті отырысын қатысушылары «Қазақстан экономикасын индустрияландыру: жағымды бағыттар VS көзқарас» тақырыбын талқылаған болатын. Отырысқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, даму институты, аналитикалық құрылымдар, ағын және орта бизнес өкілдері, Мемлекеттік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Осы отырыста айтылғандай, 2010-2014 жылдар аралығында еліміздегі жұмыс орындарының үлесі 720 мыңға артқан. Осы көрсеткіштен әрбір бесінші жұмыс орны (160 мың, 22 %) индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының арқасында ашылған. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 120 жоба жүзеге асырылып, 14 мың жаңа жұмыс орны ашылуға тиіс.
Абай-ақпарат