АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Үкімет отырысыНда Асқар Мырзахметов ҚР вице-премьер-министрі болып тағайындалды,-деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Асқар Мырзахметов ҚР Ауылшаруашылық министрлігімен қатар, премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Енді бізге ішкі міндеттерді реттеу керек. Бақытжан Әбдірұлы, сіз қадағалайтын ауылшаруашылықты қайта бөлу керек. Менің ойымша, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен құрылған «Жер реформасы туралы» комиссияны да Мырзахметов мырзаның қарауына тапсыру керек. Сондықтан келесі отырысты бірге өткізіңіздер де, әрі қарай өзіңіз жүргізетін боласыз. Сізге артылған міндеттер күрделі, маңызды. Жұмысыңызға табыс тілеймін!»,-деді Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.
Премьер-министрдің айтуынша, ендігі жерде Асқар Мырзахметов ҚР Ауылшаруашылық министрі мен Премьер-министрдің орынбасары қызметтерін қатар атқаратын болады.
Осыған дейін Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (2009-2015 жж.) қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, Асқар Исабекұлы, әр жылдарда Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. Сондай-ақ, 2005-2006 жылдары ҚР Ауылшаруашылық министрі болып қызмет еткен.
2016 жылдың мамырынан бастап, Президент жарлығымен Қазақстанның Ауыршаруашылық министрі болып тағайындалған.
Abai.kz