Ереванда Ресеймен бірлескен қорғаныс жүйесін құруға қарсылық білдіріп жатыр
Армения парламенті алдында Ресеймен әуе шабуылына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесін құруға наразылық білдірген акцияға бірнеше ондаған адам қатысты деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Наразылық шарасына қатысушылар депутаттардан Ресеймен әуе шабуылына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесін құруды қолдамауға шақырған.
"Біз — елдің иесіміз" деп аталатын бастамашыл топтың өкілі Мушега Даниеляна бұл келісім арқылы Ресей Арменияны бақылауында ұстағысы келеді әрі Қарабаққа қауіп төнуі мүмкін дейді.
Алайда Армения билігі бірлескен қорғаныс жүйесін құру елдің егемендігіне қауіп төндірмейді дейді. Парламенттің вице-спикері және биліктің Республикалық партиясының баспасөз хатшысы Эдуард Шармазанов аталған келісімнің Таулы Қарабаққа еш қатысы жоқ екенін айтып, бұл Арменияға Ресейдің кең мүмкіндігін пайдалануға рұқсат береді деп мәлімдеген.
Бүгін Армения парламенті кезектен тыс отырысында күн тәртібіне армян-ресей бірлескен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру жөніндегі келісімді ратификациялау мәселесін енгізді.
Абай-ақпарат