Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3446 0 пікір 14 Маусым, 2016 сағат 13:09

Мәскеуде Борис Немцовтың портреті ілінген көлікті іздестіріп жатыр

Мәскеу тұрғындары оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың суреті ілінген ГАЗель көлігі "арандатушылық" мақсатында іспетті деп шағымданғаннан кейін, полиция көлікті іздестіріп жатыр. Көліктің мемлекеттік нөмері анықталған. Бірақ әлі табылмаған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суретте ГАЗель автокөлігінде Борис Немцовтың портреті мен оның "Ақша таусылған кезде, реформа басталады деген" сөздері келтірілген плакат ілінген.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцов 2015 жылдың 28 ақпанында Мәскеу орталығындағы Большой Москворецкий көпірінде өлтірілді. Саясаткерді өлтірді деген айыппен бес күдікті ұсталған. Тергеу ісі саясаткер өліміне тапсырыс берген әрі ұйымдастырған Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы сарбазы Руслан Мухудинов дейді. Алайда Немцовтың туыстары мен әріптестері оның өліміне Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың қатысы барын айтады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543