Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4016 0 пікір 13 Маусым, 2016 сағат 16:30

АТЫЛЫП КЕТТІ ДЕГЕН ЖІГІТ ТІРІ ЕКЕН

Жақында Ақтөбеде болған терактіден соң, ел ішінде алып-қашпа әңгімелердің қаптап кеткені мәлім. Дәстүрлі емес діни ағым өкілдері атыс-шабуылдарды доғармай тұр деген сыбыстар да БАҚ пен әлеуметтік желілерде жиі айтылып жүр.

Өзін лаңкестер арасынан тапқан Ақтөбе қаласының тұрғыны Данияр Уайсовты белгісіз біреулер (діни ағым өкілдері) атып кетіпті деген ақпаратқа тарапты. Осыған байланысты Данияр Уайысов Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында бейнеүндеу жасап, БАҚ-тар мен интернет-басылымдардан «жалған мәлімет таратқаны үшін» кешірім сұрауын талап етті.

Бейне жазбада Данияр өзінің аман-сау екендігін айтып, өзі туралы қауесіттің жалған екендігін айтқан.  

«Саламатсыздар ма, қазақстандықтар! Мен - Уайсов Данияр Рамазанұлымын, Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Бүгін, 2016 жылдың 12 маусымында барлық БАҚ-тар мен интернет-сайттарында мені өлтірді деп хабарлама берген болатын. Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай, егер мен видео түсіріп отырған болсам, менің нағыз тірі екенімді көріп отырсыздар. Сол себепті құқық қорғау органдарының баспасөзінен және интернет-сайттарынан жалған хабарлама таратқаны үшін менен кешірім сұрауын және тірі екенімді көрсетуін талап етемін»,-деп мәлімдеді жігіт.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534