Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2745 0 пікір 13 Маусым, 2016 сағат 15:44

Қырғызстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы ҰҚМК тергеу абақтысына жабылды

​Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, Дастан Сарыгулов билікті күшпен тартып алуға дайындалды делінген К.Кадыров, Б.Асанов, Д.Сарыгуловтар істері бойынша тергеу барысында анықталған тағы бір жаңа іске қатысы болып шыққан.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комиеті (ҰҚМК) жүргізіп жатқан тергеу ісі барысында "Камеко", "Құмтөр Оперейтинг", "Құмтөр голд", "Центерра Голд" компанияларының бұрынғы президенті Леонард Хоменюктің арызы бойынша "Құмтөр" жобасын да қарап жатыр. Онда арызданушы "Қырғызалтын" ААҚ бұрынғы президенті Саргуловтың 1992-1999 жылдары "Құмтөр" жобасына жетекшілік еткен кездегі коррупциялық әрекеті бойынша дәлел келтірген.

ҰҚМК сонымен бірге тергеу барысында айыпталып отырған азаматтардың Ақаев пен Бакиевтердің отбасына жақын адамдарға қатысы барын анықтағанын айтады. Олардың Құмтөр жобасындағы коррупциялық жопсарлары да белгілі болған.

Тергеу ісі үстіміздегі жылдың наурыз және мамыр айында олардың елдегі жағдайды тұрақсыздандырмақ болған әрекеттері, биліктің "Құмтөр" жобасындағы коррупциялық сызбаны тексеруге белсенді кіріскеніне байланысты екенін жоққа шығармайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2058
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4119