ОҚО Араб Әмірлігіне ет экспорттауды бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің өңірлері арасынан бірінші болып Біріккен Араб Әмірлігіне ет экспорттауды бастады деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Таяуда Шымкент халықаралық әуежайынан 1 мың бас уақ мал Фуджейра (БАӘ) қаласына жеткізілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған жұмыстардың экспорттаушысы «Қайып ата» компаниясы болып табылды.
Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірлігіне етті экспорттау бойынша келіссөздер 5 айдан астам уақыт ішінде жүргізілді.
Келісімшарт аясында осы жылдың тамыз айына дейін жергілікті кәсіпкерлер БАӘ-ге 60 мың бас уақ мал жеткізетін болады.
Сонымен қатар, осы бағыттағы келіссөздер Сауд Арабиясы, Иран және Ирак мемлекеттерімен де жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1,5 мың тонна етті экспортқа жөнелту жоспарланған.
Абай-ақпарат