АҚТӨБЕДЕ ОҚО-НЫҢ ТУМАСЫ ЕРЛІКПЕН ҚАЗАҚ ТАПТЫ
Өткен жексенбі, яғни 5 маусым күні Ақтөбе қаласында төтенше оқиға болды. Сол оқиғада Оңтүстіктің тумасы Сапар Досбол Еркінбекұлы ерлікпен қаза тапты. Жат пиғылды күштермен қақтығыс кезінде ол өзіне жүктелген әскери міндетті адал әрі жоғары деңгейде атқарды. Досбол Еркінбекұлының қазасына байланысты ОҚО әкімі жерлестеріне көңіл айтып, "Отан үшін оққа ұшқан Досбол бауырымыздың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына және күллі Оңтүстік жұртына қайғырып көңіл айтамын" , -деді.
Абай-ақпарат