Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3427 0 пікір 6 Маусым, 2016 сағат 21:10

МИНИСТР АБАЕВ ІШІКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕГІ ӘРІПТЕСТЕРІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев кеше Ақтөбеде орын алған оқиғаға байланысты өзінің Фейсбуктегі парақшасында пікір қалдырды.

«Кеше барлығымыз үшін де оңай күн болған жоқ. Лаңкестердің қолынан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің барлығының да тезірек сауығуларына тілектеспін. Біздің полиция мен әскери қызметшілер қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғай отырып, экстремистердің қылмыстық әрекеттерінің соққысын қабылдады. Осындай қиын кезде қоғамдағы тұрақтылық көп жағдайда ақпараттық алаңда орын алып жатқан жайттарға тәуелді болатындығын түсіну маңызды. Сондықтан Ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріме ынтымақтастығы және қоғамда орын алған жайттың егжей-тегжейін айтып, жедел ақпарат бергені үшін алғысымды білдіргім келеді. ІІМ баспасөз қызметі жедел жұмыс істеп, түскен ақпараттарды тексеру және жинау мүмкіншіліктеріне байланысты бірден ресми мәлімдеме жасады. Әрине, оған біршама уақыт қажет болды. Бірақ, ақпараттық вакуум болған жоқ. Бұған қоса, құқық қорғау органдарының нақты ұстанымы жорамалдар мен өсек-аяңның өршуіне жол бермеді және халық арасында үрей туындамады. Біздің журналистерге де кәсібиліктері мен жауапкершіліктері үшін ризашылығымды білдіремін. Оқиға жайындағы материалдар ресми мәліметтерге сүйенген, ал нақты емес мәліметтер жедел теріске шығарылып отырды. Біз мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз»,-  деп жазды Д.Абаев.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387